"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА АУМАҒЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ КОМИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ КЕЛДІ

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағына Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің өкілі Қ.Нұржан келді. Сапар барысында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ басшылығымен кездесу өтіп, АЭА қатысушыларының жобаларын, оның ішінде "Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы" ЖШС, "KazTrub-Industries" ЖШС, "Азерсун өндіріс және логистика орталығы" ЖШС, "Topan Chemical Industries" ЖШС, "Satex Chemie" ЖШС, "WestEcoPlast" ЖШС, сондай-ақ АЭА аумағындағы туризм саласындағы жобалармен көшпелі таныстыру жүргізілді. Сапар қорытындысы бойынша АЭА қызметіне оң баға беріліп, өңірде АЭА-ны одан әрі дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.

Желілерде бөлісу:

  • 178